НАЗАР!Әкімшінің дәптері енді керек емес.
Бүгіннен бастап әр компьютердегі уақытты PlayTimeOS санайды. Интернет өшіп қалса — компьютер төленген минуттарды өзі санап бітіріп, өзі бұғатталады. Ауысым кассаны теңгесіне дейін қайта санаумен жабылады.
— PlayTimeOS, компьютерлік клубты басқару жүйесі
Өтінім қалдыруҮзіп алыңыз — қайта қоңырау шаламыз

Клуб ережелері
- Уақытты әкімші емес, компьютер санайды.
- Қолма-қол ақша қалтаға емес, кассаға түседі.
- Интернет өшсе — ойын жалғаса береді.
- Қарыздарлар зал картасында көрінеді.
Бұрын: дәптер, калькулятор және «кейін жазамын».
| ПК 4 | Ерлан | 19:40 | 2ч | 1000 |
| ПК 7 | Dimash | 20:15 | 1ч | 500 долг! |
| ПК 11 | ??? | 21:00 | ночь | 2500 |
| ПК 2 | Айгерим | 21:30 | 1ч | 500 |
| ПК 9 | Нуржан | 22:10 | 3ч | 1200? |
Итого: 5700?? в кассе 5200
Қазір: зал картасы.
Кім қай жерде отыр, қанша минут қалды, кім қарыз — бір қарағанда көрінеді. Қонақты отырғызу, уақытты ұзарту және төлем қабылдау тікелей картадан, ал бағаның түнгі бөлігін жүйе өзі есептейді.

Интернет өшіп қалса
- Компьютер төленген уақытты өзі санап бітіреді. Қалған уақыт экранның бұрышында көрінеді, соңына 10 минут қалғанда сарыға боялады.
- Уақыт бітті — компьютер өзі бұғатталып, әкімшіге келуді сұрайды. Залды аралаудың қажеті жоқ.
- Байланыс қалпына келді — барлық минуттар, ұзартулар мен оқиғалар серверге жетеді. Ештеңе жоғалмайды және екі рет есептелмейді.
PlayTimeOS сервері клубтың жергілікті желісінде тұрады: сыртқы интернеттің өшуі залды тоқтатпайды.

Касса теңгесіне дейін сәйкес келеді
Әр минут, ұзарту және төлем журналға жазылады — оларды кейін түзетіп жазу мүмкін емес. Ауысым қолма-қол ақшаны қайта санаумен жабылады: жетпей тұрса, айырмашылық бірден көрінеді. Қолма-қол ақша, Kaspi және қонақ балансы бөлек есептеледі.

Жаңа компьютер — бір минутта
- Компьютерде клубтың /install мекенжайын ашып, орнатқышты іске қосыңыз.
- Экранда 6 саннан тұратын код шығады.
- Кодты панельге енгізіңіз: «Агенты → Добавить ПК». Дайын.
Жаңартулар өздігінен келеді: алдымен бір бос компьютерге, содан кейін бүкіл залға, ал ойыншы отырған компьютер сеанс біткен соң жаңарады. Компьютер логтары панельде көрінеді — залға флешкамен барудың қажеті жоқ.

PlayTimeOS прайсы
- Клубты қосу
- ______ ₸
- Жазылым, 1 компьютер айына
- ______ ₸
- Орнату және баптау
- ______ ₸
Бағалар теңгемен. Сайтта Visa немесе Mastercard картасымен не шот бойынша төлеу. Шарттар — жария офертада (№ 1).

